Астанадағы әдеби-сазды балға келгендер «Абай» және «Пушкинмен» кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазақстан» концерт залында ел тарихындағы тұңғыш әдеби-сазды бал өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Елорда тұрғындары үшін ұмытылмас кешті Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы ұйымдастырып отыр. Айтулы шараның «әдеби-сазды» деп аталуы да тегін емес. «Қазақстан» концерт залының зәулім әрі кең фойесіне кітапхана ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес оқулықтардың көрмесін өткізді. Отандық әрі әлемге танымал ақындар мен жазушылардың үздік туындыларымен бірге, жиналған қауым өткен ғасырдың 30-40 жылдарында латын әліпбиінде жарыққа шыққан кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты думанның басты мақсаты - жастарды мәдениет пен өнерге баули отырып, мәдени жетістіктерді паш ету болып табылады.

null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Тұңғыш рет өткізілген мерекелік кештің бір ерекшелігі - көрермендер бұл күні «Абай» және «Пушкинмен» тілдесті. Қазақ пен орыстың атын әлемге танытқан Ұлы ақындардың бейнесінде көптің көзайымына айналған актерлар көрерменнің зор ықыласына ие болды.

null null null 

Кешке еліміздің танымал ақын-жазушылары, театр-кино майталмандары және Астана қаласының өнер жұлдыздары қонақ болып, балда би биледі. Ортаға шыққан би жұптары нағыз өнердің үлгісін паш етіп, көптің қошеметі мен құрметіне ие болды. Ақындар өлеңнен шашу шашып, дәстүрлі әншілер қара домбыраның үнімен «Қазақстан» концерт залын думанға толтырды.















«Кітапханамызды күнде айтулы шаралар ұйымдастырылады. Бүгін ғана «Үшқоңыр» кітабының тұсаукесері өтіп, туынды бірден көптің сұранысына ие болды. Ал осынау әдеби-сазды кеш Астана қаласының мәдениет саласының қызметкерлеріне арналып отыр. Бүгін сіздер «Абай» мен «Пушкинді» кездестіріп, көңілді кеште би билей аласыздар. Біз әдебиет әлеміне терең бойлап, халыққа ұл руханиятының қазынасын тереңірек паш еткіміз келеді. Арнайы балетмейстерді шақырып, би өнерін меңгеруге барымызды салдық. Көпшілікке кешіміз ұнады сенімдеміз», - дейді Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Соңғы жаңалықтар