Астанадағы 51-ші автобустың салонында жанкешті бар деген ақпарат түскен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жол-патрульдік полицияның бірнеше көлігі дәл Министрліктер үйі алдында 51-ші бағыттағы бір автобусты тоқтатып, алдымен ішіндегі жолаушыларды, одан кейін автобустың ішін және сыртын толығымен тексеріп шыққан. Ал айналада тұрған тәртіп сақшылары жиналған адамдарға автобустан алыс тұруға кеңес берген. Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Департаменттің жедел басқару орталығына 51-бағыттағы автобуста күдікті ер адам келе жатыр деген ақпарат түскен. Ол адамның қолында қобдишасы бар. Өзі күбірлеп, бірдеңе айтып жатқан деді. Сосын күртешесінің астында бронды кеудеше бар деген мәлімет болды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тексеріс жүргізді. Алайда ол ақпарат расталған жоқ», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова телефон арқылы.

Министрліктер үйі алдында тоқтаған автобус жүргізушісінің айтуынша, ол ережені бұзған жоқ. Алайда жол-патрульдік полиция көлігі артынан ілесіп, тоқтауға белгі берді. «Тәртіп сақшылары бірден салонда отырған жолаушыларды тексеруге кірісті», - дейді ол. Сол жерде болған куәгерлер болса, сол автобуста сақалы бар бір адамды ұстап, құжаттарын тексеріп жатқанын байқап қалды. Алайда оның қолында ешқандай қобдиша болған жоқ. Арнайы құрылғылары бар саперлар автобусты сыртынан да, ішінен де толығымен тексеріп шыққаннан кейін ары қарай жүруге рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар