Астанада жыршы-термешілер сынға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Азаттық үні» атауымен республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы.

Байқау мақсаты - Тәуелсіздік құндылықтарын, тарих жетістіктерін ұлықтау. Қазақстан халқының тіл мәдениетін қалыптастыру, жастарды шешендік, жыршы-термешілік өнерге баулу. Ұлттық руханиятымыздың маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу.

Үш кезеңнен (іріктеу, қорытынды, марапаттау) тұратын байқауға 16-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

Қатысу туралы өтініштер мен көрсетілген тақырыптар бойынша үміткердің дайындаған бір термесі (немесе жыры) 18 қазан - 10 қараша аралығында қабылданады. Іріктеу кезеңінен өтіп, қорытынды кезеңге жолдама алғандардың есімі 14 қараша күні хабарланады. Қорытынды кезең 18 қарашада өтеді.   

Қатысушыларға бағдар ретінде ұсынылып отырған тақырыптар:  

-       Іргесі берік ел - мықты (Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай);

-       Алаштың Астанасы (Алаш, Азаттық, Астана тақырыптарына орай); 

-       Батыр баба тарихы (Ұлы дала тарихы, ерлігі тақырыбына орай);

-       Өссе тілім менде бірге өсемін...(Туған тіл тақырыбына орай);

-       Тіл - мәңгілік мұра (Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы, тілі тақырыбына орай);

-       Бірлігі жарасқан елдің - тірлігі де жарасады (Бейбітшілік тақырыбына орай);   

Ұйымдастырушылар терме (немесе жыр) мәтінінде тілімізге, дінімізге, ділімізге, сондай-ақ еліміздің Ата Заңына қайшы келетін, ұлт араздығын тудыратын немесе азаматтардың ар-намысына тиетін сөздер болмауы тиістігін ескертеді.

Байланыс: 55 67 28, 8 775 335 04 14; Электрондық пошта: [email protected]

Соңғы жаңалықтар