Астанада жылы аялдаманың жаңа нұсқасы орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың оң жағалауында Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдама орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбекке сілтеме жасап.

«Назарларыңызға бірегей жоба - Digital euro city форматындағы жаңа жылы аялдаманы ұсынамыз. Жылы аялдамаларға әркім әртүрлі көзқараста, дегенмен қоғамдық көліктің әрбір тұтынушысына, Астана қонақтарын есепке алмағанда, қала тұрғындарының 60-70% қолайлы болу үшін аса ыңғайлы аялдама нұсқасын орнаттық», - деп жазды аудан әкімі өзінің Facebook парақшасына.

Аялдама Кенесары-Сарыарқа көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл халық көп шоғырланған аумақ пен жақын маңдағы ЖОО келушілері үшін ыңғайлы болмақ.
null 

Аялдама 3 секторға бөлінеді: біріншісі - күту залы, мұнда жолаушылар автобус кестесімен және бағыттармен таныса алады. Тағы бір артықшылықтардың бірі - тегін Wi-Fi (тестілеу режімінде), телефон қуаттайтын көздер мен тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі.

Екінші сектор - жабық күту залы. Бұл қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықта үлкен сұранысқа ие болмақ. Зал ауа баптау және жылыту жүйесімен жабдықталған, автобустар кестесі мен бағдар картасы ілінген.

Үшінші сектор сауда-саттыққа, минимаркеттерге арналған.
«Жыл соңына дейін дәл осындай еуропалық нұсқадағы 26 аялдама орнатылады. Әкім тапсырмасына сәйкес, мұндай аялдамалар ең алдымен әлеуметтік нысандар маңында тұрғызылуы тиіс», - деп түсіндірді Арман Тұрлыбек.

Одан бөлек, кез келген тілек білдіруші еуропалық жылы аялдамаларды орнатуға инвестиция құя алады. Бұл үшін «Астана» ӘКК арқылы тағы 145 орын әзірленген, сондай-ақ, инвесторға минимаркет бөлігі беріледі.

Кенесары-Сарыарқа қиылысында орнатылған аялдама жеке инвестор есебінен тұрғызылған.

null

Соңғы жаңалықтар