Астанада жыл соңына дейін ерекше мешіт ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Алланың гүлі» деп аталатын екіқабатты мешіт салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданындағы С409 көшесі бойында орналасқан сәулеттік нысанның жобасын Сағындық Жанболатов жасаған. Оның сәулеттік дизайны Қазақстандағы өзге дін үйлерінен ерекшеленеді. Жанболатов бұған дейін еліміздегі бірнеше мешіттің авторы болған. Бас қаламыздағы көркімен көз тойдырған «Әзірет Сұлтан» мешіті де осы автордың туындысы.

null 

Белгілі болғандай, жаңа мешіт 2017 жылдың соңына дейін салынып бітеді деп жоспарлануда.

Бұл құрылыс нысанын көрген көпшілік бастапқыда таңданыс білдірген еді. Олар әлеуметтік желіде көптеген жорамалдар жасады.

null

Мешіт мұнарасынан қарағанда оның құрылысынан гүлдің пішінін байқауға болады. Оның ішкі дизайны да ерекше етіп жасалмақ.  

Құрылыс аумағы 1,4 гектарды құрайды, ғимараттың ауданы 2 мың шаршы метрді қамтиды.

nullnullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар