Астанада жыл басынан бері 17 263 жаңа жұмыс орны құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 17 263 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 2016 жылы 11 айдың қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 7 357 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесінен өтуге 661 түлек, қоғамдық жұмыстарға 2 137 адам жіберілді, сондай-ақ, жаңа мамандықтар алу мақсатында 699 адам кәсіптік даярлауға жолдама алды.

Сонымен қатар, 121 жұмыссыз адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Астана қаласында жұмыссыздықпен күресудің белсенді іс-шараларын қолдануда жұмыссыздық деңгейін төмендету мүмкіндігі 4,6%-ды құрады. Елорда жұмыссыздық деңгейінің ең төменгі көрсеткішімен жетекші орында тұр, деп хабарлайды astana.kz.

Соңғы жаңалықтар