Астанада журналистер арасында шағын футболдан турнир өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің 98 жылдығына жəне Тəуелсіздіктің 26 жылдығына орай елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Egemen-Cup» турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа жалпы БАҚ өкілдерінен құралған 18 команда қатысуда. Соның ішінде ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің командасы да бар.
null null 

Жарыстың ашылу салтанатына «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, турнирді бастап берді. Сондай-ақ ашылу салтанатына бірқатар БАҚ басшылары да қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
null 

Тура қазір алаңда «Егемен Қазақстан» газеті мен «Еуразия» арнасының, egemen.kz пен «24 Хабар» арнасының, dixinews.kz сайты мен «Ақмешіт» газетінің командалары ойнап жатыр.
null 

Суреттерді түсірген Ерлан Омар

Соңғы жаңалықтар