Астанада Жұбаниязовтар отбасының көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында» сәндік-қолданбалы және сурет өнерінің шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты шығармашылық көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Жұбаниязовтар Алматы суретшілерінің арасындағы танымал отбасы. Алғаш рет әулеттің кәсіби шығармашылық жолын Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Наурызбайұлы мен оның зайыбы дәстүрлі қолданбалы өнер иесі Күлипа Есімқызы қалаған. Ерлі-зайыпты Қуандық пен Күлима көркемөнер училищесінде танысып, отбасын құрған. 1970 жылы оқуларын тәмамдап, содан бері сурет өнері үшін күштерін сарп еткен. Сол кезден бастап-ақ өнерге құштар суретшілер қолдан жасалған гобелен тоқымашылығының мүмкіндіктерін зерттеп, кескіндеме салумен шұғылданған. Қуандық Наурызбайұлы осыдан 10 жыл бұрын өмірден өтіп кеткен екен. Артында қалған мұрасы бүгін Елбасы кітапханасындағы көрменің көркіне айналды. Ерлі-зайыптылардың балаларыда әулеттің өнерін жалғастырып, олардың туындылары шетелдік көрмелерге қойылып жүр.
null 
null 

 «Шетелде бірнешемәрте көрме өткіздік. Қай көрмеге барсақ та, өзіміз жасаған қазақтың киізүйінінің шағын макетін алып жүреміз. Жолдасым өнер десе ішкен асын жергеқоятын. Орыс мектебін бітірсе де, қазақтың қолөнері үшін аянбайтын еді. Творчестволықжұмыстармен бірге қолөнерде де бірлескен туындыларымыз жетерлік. Жұбайым тірісінде суретшімін деп қана отырмайтын. Он саусағынан бал тамған керемет өнерлі адам еді. Өмірде де, өнерде бірге болдық. Италия, Франция, Мексика, Дания, Чехия, Словакия елдеріндегі көрмелерге қатыстық», - дейді Күлипа Есімқызы.
null 

Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Күлайша Ақтаеваның айтуынша, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының көрмесіің орыны ерекше.

«Жұбаниязовтардың туындылары атадан балаға мұра болып жалғасынтауып келе жатқан бірегей құндылық деп есептеймін. Бүгін біздің ортамызға келіпотырған Күлипа апамызға көп рахметімді айтқым келеді. Өнер сүйер қауымғ аұлтымыздың қасиет дарыған қолөнері мен адамзаттың жаңа дүниесін сезімталдығын Қуандық ағамыз бен Күлипа апамыздың баласы мүсінімен сомдаса, қыздары габилент өнерімен, қылқалам туындыларымен елімізді таңқалдырып келеді. Осындай өнерлі отбасының қолынан шыққан ғажайып өнер туындыларына қарап, менің ойыма Елбасымыздың «Ұлы өнерде шектеу де, шекара да жоқ» деген ұлағатты сөзі оралады. Әрине, ұрпақ жалғастығы деген осы. Бүгінгі көрменің иелеріне Елорда тұрғындарына керемет көңіл сыйлап жатқанына алғысымды білдіремін», - дейді Күлайша Ақтаева.
null 

Сурет пен қылқалам, сәндік-қолданбалы өнер әулеттің дәстүріне айналған екен. Отбасының қызы Гүлнар Жұбаниязова мен ұлы НұрсұлтанЖұбаниязов заманның өзекті деген мәселесіне өз туындыларымен үн қоса білген. Кенеп пен майлы бояудан, тігіннен жасалған өнер туындыларын Астана қаласының тұрғындары мен шаһар меймандары бір ай уақыттың ішінде тамашалай алады.
null 
null 

null 
null 

Соңғы жаңалықтар