Астанада жол жүру билетін банк картасымен толтыруға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада пластикалық жол жүру билеттерінің теңгерімін банк карталары арқылы толтыруға болады. Жүйе жыл аяғына дейін енгізіледі, деп хабарлайды қаланың медиа орталығы .

Бұл жайында «Астана LRT төлем жүйесі орталығы» ЖШС маркетологы Ахметжан Далиев Елордалық әкімдіктің медиа-орталығына берген сұхбатында мәлімдеді. Қазіргі таңда пластикалық жол жүру билетінің есебін толтыру арнайы терминалдар арқылы ғана жүргізіледі. Алайда, терминал артық ақшаны қайтарып бере алмай жатады.

«Біздің инженерлер бірмаша уақыт аралығында автоматтарды қарап отырады. Артық ақша аяқтала басталысымен, біз бірден автоматты блокка қоямыз, осы аралықта қолданушы автоматты пайдалана алмайды. Алайда, бір немесе бір жарым сағаттың ішінде инженерлер автоматтарды қайтадан толықтырады. Жыл аяғына дейін бұл проблема толық шешіледі, Астра карточкаларын банк карталары арқылы толтыру мүмкіндігі пайда болмақ», - деді А. Далиев.

Сұхбат берушінің айтуынша, қазірге дейін 30 мыңнан астам пастикалық жол жүру билеті сатылған. Астраның жеңілдік карталарын 66 мың тұрғын, оқушыларға арналған карталарды - 160 мың адам пайдалануда. Елордада оларға қызмет көрсету үшін 37 автомат пен 7 арнайы касса жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар