Астанада жол апатынан зардап шеккен қыздарға қан керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 наурыз күні түнде Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында орын алған жол апатынан екі студент қыз қатты зардап шеккен. Ауыр халде жатқан қыздардың жақындары астаналықтардан қан тапсыруды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздерден көмек сұраймын. 2017 жылдың 23 наурызы күні түнде, шамамен сағат 23.30-да Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында «Suzuki»  маркалы көлік пен Тойота Камри көлігі соқтығысты. Сузуки маркалы көлікте менің екі қарындасым отырған, қазір олар өте ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлер өте көп қан керек дейді. Сондықтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Қан орталығында күн сайын сағат 13.30-ға дейін Қазбек Айжан мен Иманғалиева Ғалия үшін қан тапсыруға болады. Қан орталығы сіздерге қағаз толтыртады, мен сол қағазды Травматология орталығына тапсыруым керек», - деп жазған қыздардың ағасы Рахат Қазбеков.

Рахат Қазбеков, сондай-ақ, сол апатты көрген-білгендер болса, автокөліктегі бейнекамерасына апат сәті түсіп қалғандар болса, мына телефондарға хабарласуын өтінеді. 8701 262 39 08; 8707 262 3908.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 23 наурыз күні түнгі сағат 23:05-те «Suzuki» көлігін тізгіндеген 21 жастағы қыз Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып, Бейбітшілік көшесіне солға бұрылған кезде «Toyota» көлігіне соғылған. Екінші көлікті жүргізіп келе жатқан 1996 жылы дүниеге келген жүргізуші қарсы бағыттатік келе жатқан .

Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және олардың 1994, 1991 жылы дүние келген жолаушылары түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сәйкесінше сараптамалар тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар