Астанада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт аман-есен табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт Ақжан Мәделхан Астанадан аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Оның анасының айтуынша, жігітті туысқандары іздеп тапқан.

Естеріңізге сала кетейік,  4 сәуір күні түске таман Ақжан Мәделханның жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Оны соңғы рет Сығанақ көшесінің бойында, «Пекин Палас» қонақ үйінің маңайынан көрген. Ол «Еуроцент» бизнес-орталығынан шығып үйіне қарай бет алған. Одан кейін оның телефоны сөніп қалған.

Соңғы жаңалықтар