Астанада жоғалған ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 29 жастағы Николай Еньшин із-түзсіз жоғалды. Оны туыстары төрт күннен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлының жоғалғаны туралы хабарды анасы Наталья әлеуметтік желіде жариялады. Астананың қайырымды тұрғындары хабарды интернетте таратуда.

Ұлын іздеп шарқ ұрған ананың құрбысы Гүлнәрдың айтуынша, Николай 27 желтоқсан күні телефонын қуат көзіне жалғап, машинасының жылытқышын қосылған күйінде қалдырып кеткен. Николайдың әйелі және екі қызы бар. Олар әйелінің ата-анасымен тұрады. Николай ішпейді, шекпейді, мінезі жайдары, қайын атасымен бірге жұмыс істейді.

1988 жылы туған Николай Еньшин 27 желтоқсан күні 11:20 мен 13:00-дің арасында жұмыстан шыққан. Кеңсесі Есіл тұйық көшесі, 13-үйде орналасқан. Бойы шамамен 188 см, дене бітімі шымыр, қысқа шашты, көк көзді. Үстінде ұзын қара күртеше, көк джинсы болған.

Туыстары ол жайлы ақпаратқа ие болғандардан: 87014005873, 87015883588, 87015055580 нөмірлеріне хабар беруін сұрайды.

Соңғы жаңалықтар