Астанада жезөкшелер жалға алған пәтердің иесі жазаға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл аудандық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі жезөкшелік үшін жалға берілген пәтерді анықтап, үйдің иесін сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысында Б. есімді әйел өз пәтерін тұрмыстағы келіншекке жалға бергенін жеткізіп, «оның жезөкшелікпен айналысқанын білмедім» деп ақталды. Ал үйді жалға алған келіншек осы санаттағы құқық бұзушылық үшін бір рет емес, екі рет жауапқа тартылған.

«Астана қаласы бойынша ауданаралық әкімшілік мамандырылған сотының қаулысына сәйкес, Б. есімді әйел Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2 405 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның қызметі 10 күнге тоқтатылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 819-бабы, 2-тармағы негізінде әкімшілік айыппұлдың көлемі 30 пайызға (шамамен 321 000 теңгеге дейін - авт.) қысқартылды. Сот шешімі күшіне енді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар