Астанада «Жау жүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді іске асыру аясында Астана қаласында орналасқан №68655 Әскери бөлімінде «Жау жүрек мың бала» әскери-патриоттық ойындары өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді насихаттауға бағытталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болды.
null 

Әскери-патриоттық ойындарға қатысқан 18 команда әскери эстафета, жүгіру, жартылай автоматты винтовкадан ату, АК автоматын толық емес бөлшектеу және бөлшектеуден кейін қайта жинау, қанатты өткел арқылы бөгеттен өту, бөгет астынан еңбектеп қақпанға өту, гранатаны нысанаға лақтыру, бөгет жолынан өту сияқты 8 кезеңде бақ таластырды.
null 
null 

Осылайша, жарыс нәтижелеріне сәйкес, жүлделі ІІІ орын Политехникалық колледж командасына бұйырды. Кәсіби-техникалық колледждің намысын қорғаған команда ІІ орында. Ал иегері Қазақстандық технология және бизнес университетінің командасы барлық қарсыластарын артта қалдырып, ойынның жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ, жарыс қорытындылары бойынша, 8 кезеңнен сүрінбей өткен үздік сарбаздар да бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын.

Әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі эстрада жұлдыздары қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар