Астанада жастардың гуманитарлық білімінің өзекті мәселелер талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастардың гуманитарлық білімі - қоғамдық сана жаңғыруының императиві» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онда Қазақстан жастарының гуманитарлық білім алуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі де сөз болды. Сонымен қатар, басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы жасалынып, «100 жаңа оқулық» жобасының туындылары таныстырылды.  

Дөңгелек үстел жұмысында орталық мемлекеттік орган қызметкерлері,  «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, жастар ұйымдарының,  сондай-ақ жастар ісі жөніндегі мамандар қатысты.
null   

Дөңгелек үстел спикерлері ретінде ҚР Президентінің стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, Аударма ұлттық бюросының редакторы Тимур Мұхтаров, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Мұхтар Манкеев және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары Әсел Ибадуллаева, Алина Абдуллаевалар сөз сөйледі.

nullБасқосу қорытындысына орай жастардың гуманитарлық білім алуын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

null

Соңғы жаңалықтар