Астанада жасөспірім суға батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жасөспірім суға батып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай кеше, яғни 27 шілде күні болды. 2003 жылы туған жасөспірім елорданың Есіл ауданына қарасты жеке иеліктегі жағажайлардың бірінде шомылып жүрген.

Аталмыш оқиғаны ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та растады.

Жасөспірімнің денесін Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының қызметкерлері сағат 17-28-дер шамасында алып шықты.

Соңғы жаңалықтар