Астанада жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының полиция бөлімшесіне белгісіз ер адам хабарласып, елордада жарылғыш зат қойылғанын, бірақ нақты қай жерге қойылғанын айтпаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Жедел-іздестурі шараларын өткізу кезінде экстремизмге қарсы іс-қимыл және «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ-ның учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп, Ақмола облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Медициналық сараптама қорытындысы азаматтың орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Астана ІІД-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Мадияр Айтуғановтың айтуынша, террорлық акті туралы жалған хабарлама тараған жағдайда тұрғындар арасында үрей туындап, адамдардың айтарлықтай бөлігі жарылғыш затты іздеумен айналысады, барлық шұғыл қызметтер жұмылдырылады.

ҚР ҚК-інің 273-бабына сәйкес, террорлық акті дайындалып жатқаны туралы қасақана жалған ақпарат таратушы алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ҚК-інің 273-бабында көзделген «Террорлық акт туралы қасақана жалған ақпарат тарату» бойынша 5 қылмыстық дерек тіркеліп, көп ұзамай анықталған іске жауаптыларға түрлі  деңгейдегі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар