Астанада «Жаннұр» сауда үйіне жақын жерден өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Жаннұр» сауда үйінің аумағында орналасқан дәмханалардың бірі өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрттің болғанын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Белгілі болғандай, 19 қараша күні сағат 22:50 шамасында өрт сөндіру қызметіне елорданың Алматы ауданындағы «Жаннұр» сауда үйінің аумағында тұрған дәмханалардың бірінің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Өрттің шарпу аумағы 50 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына екі арнайы техникамен 10 өрт сөндіруші жетіп, жалынды сағат 23:05-тен бастап сағат 23:18-ге дейін толық ауыздықтаған.

«Өрттен зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ», - дейді Руслан Иманқұлов. 

Соңғы жаңалықтар