Астанада жаңа сауда-логистикалық орталық ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа «Алай базары» көтерме-бөлшек сауда базарының ашылуына қатысты.

Қала әкімдігінің сайтының хабарлауынша, сауда павильонындағы өнімдердің түр-түрін өндірушілер делдалдарсыз өткізеді.

«Алай базары» Алаш тасжолында орналасқан. Жалпы ауданы 85 га жерде бірнеше зал орналасқан, мұнда ет пен ет өнімдерін, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістер, тұрмыстық тауарлар, ойыншықтар және т.б. төмен бағамен сатып алуға болады.

- Біз Қазақстан аумағындағы тауар өндірушілердің бәрін шығарамыз. Бірінші кезекте, Солтүстік Қазақстанның фирмалық дүкендерін шақырамыз, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарымен ынтымақтастық орнатамыз, - дейді «Алай базарының» директоры Айгүл Отарғалиева.

Сауда павильоны аумағында 500 астам шағын бизнес субъектісі сауда жасайды, базарға көлікпен де, автобуспен де жетуге болады. Тұрақ 2 мың көлікке арналған, ал қоғамдық көлік аялдамасы базарға жақын орналасқан.

 

Соңғы жаңалықтар