Астанада жаңа емханалар мен ауруханалар ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елордадағы медициналық ұйымдар жүйесінің 2025 жылға дейінгі даму жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа денсаулық сақтау нысандары тұрғызылатын аудандар мен жер учаскелері анықталды. Алдағы жылдары үш емхана, оңалту орталығы, хоспис, 500 орындық көпбейінді ауруханалар, №1 қалалық аурухана жанынан 250 орындық перинатальды орталық салынады», - деді ол Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысында.

К. Надыров қазіргі уақытта қала емханаларының 1,5 есе артық жүктемемен жұмыс істеп жатқандарын атап өтті. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігіне де әсер етеді. Жыл сайын қала халқы санының қарқынды өсуінен осындай мәселе туындап отыр.

«Жаңа нысандар құрылысы көп шығынды талап еткендіктен, бос тұрған, сұранысы жоқ мекемелерді сатып алу нұсқасы қарастырылған», - деп өз сөзін толықтырды басқарма басшысы.

Оның баяндамасына қала әкімі Әсет Исекешев өз пікірін білдірді.

«Расымен де, тұрғындарға жақын болуы үшін жаңа медициналық мекемелерді тұрғызу жоспарымызда бар. Жағалау мен өзге аудандарда емханалар құру жобаларын жүзеге асыруымыз керек. Ең алдымен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша жұмыс істейміз. Қызығушылық жоқ болған жағдайда, бюджет есебінен құрылысты бастаймыз», - деді әкім.

Айта кетейік, бүгінде қалада 200-ге жуық медициналық ұйым жұмыс істейді. 

Соңғы жаңалықтар