Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ай бұрын Әулиеата топырағынан елордаға бет алған «Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені Астанаға жетіп, Жамбыл облысының мәдени күндерінің шымылдығын ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты керуен елордаға 26-30 шілдеде өтетін Астанадағы Жамбыл облысының мәдени күндері қарсаңында келіп отыр. Оларды «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы маңындағы саябақта Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және Жамбыл өңірінен шыққан зиялы қауым өкілдері күтіп алды.
null 

Ел ішінде «Ғашықтар саябағы» аталып кеткен бұл орын нағыз ортағасырлық базарға айналып шыға келді. Мұнда «Көне Тараз әлемі» тарихи-мәдени экспозициялық кешені ашылды және киіз үйлер тігіліп, Жамбыл облысы аумағынан табылған көне жәдігерлер қойылды. Қолдан жасалған әшекей бұйымдар, музыкалық аспаптар, жеміс-жидектер мен көкөністер сатылымға шығарылды.

Айша Бибі мен Қарахан, немересіне ертегі айтып отырған әже және құс ұшырып, тазы жүгірткен аңшылардың сәні мен салтанаты жарасқан керуені Астана тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады. Олар шалғайдағы Тараз қаласынан Астанаға екі ай бойы жол жүріп келген еді.
null 

«Бұл бір естен кетпейтін ерекше сапар болды. Біздің керуен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналады. Мамыр айында Тараздан Астанаға сапарға аттандық, бізді әрбір ауыл қуанышпен қарсы алды. Күткен үмітіміз де 100% ақталды. Барлық Қазақстан халқын ЭКСПО көрмесінің өткізілуімен құттықтаймын. Сондай ауқымды шараға үлес қосып, керуенмен Астанаға келуім де - мен үшін үлкен мәртебе. Аспанымыз бүгінгідей ашық, жарық болсын», - дейді керуен қатысушысы, ақ кимешекті әжей - Тамара Әбдікәрімова.

Керуен басшысы Нұралы Абдуллаев алға қойған мақсаттарының орындалғанын, Астанаға ерекше тарту жасағандарын атап өтті.

Оның айтуынша, керуен қатысушылары Таразға көлікпен қайтады және түйелерге де арнайы көлік қарастырылған.
null 

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 26-30 шілде аралығында Астанадағы Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді. Бұл күндері елордалық тұрғындар мен қонақтар облыстық филармония ұжымының «Әулиеатадан ән шашу» бағдарламасын, облыстық қазақ драмалық театрының «Қыз Жібек» саунд-трегін, А.Бекбосынның «Домалақ ене», С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» спектакльдерін, «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Ғасырлар әуені» концертін және Д.Таңатаров, Қ.Нұртас, И.Расылхан сынды танымал әншілердің қатысуымен өтетін «Бір әуен, бір өлең» кешін тамашалай алады. Мәдени шаралардың көпшілігі «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» өтеді.
null 

Сонымен бірге, 28-30 шілде күндері жамбылдықтар «Қазақстан» спорт кешені аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізіп, еорда тұрғындары мен қонақтарына 245 тонна экологиялық таза, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін ұсынатын болады.

null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар