Астанада зейнеткерлерге арналған шағын орталық ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада зейнеткерлерге арналған шағын орталықтың (Күйші Дина к-сі, 25/1) салтанатты ашылуы өтті.

Бұл 24 мыңнан астам ардагер тұратын «Алматы» ауданындағы 16-шы демалыс орны, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 

«Бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. «Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздік заманы - жасампаздық пен істердің ұлы жолы. Бірлік пен тұрақтылық - егеменді Қазақстанның мызғымас негізін қалайтын басты құндылықтарымыз», - деді «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев шара барысында.

Шара аясында елорданың дамуына, сондай-ақ жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан белсенді 25 ардагерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. 





 

Соңғы жаңалықтар