Астанада зәулім үйдің баспалдағымен жоғары қарай жүгіруден жарыс өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алғаш рет зәулім үйге вертикальді жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл спорттық шараға қатысушылар 34 қабаттан тұратын үйдің 700 баспалдағын еңсерді. Белгілі болғандай, Қазақстанның әр қаласынан марафонға қатысуға 300-ден астам өтінім келіп түсті. Жоғары қарай жүгіруге 18 бен 50 жас аралығындағы медициналық тексеруден өткен ерлер мен нәзік жандылар қатысты. 
Жалпы, жарыс жолына 208 марафоншы шығып, оның 164-і ерлер және 44-і әйелдер. Олар алты санат бойынша, яғни 18-30 жас, 31-40, 41-50 жас аралықтарында сайысқа түсті. 
Сайыс кезінде үйдің әр қабатында медициналық қызметтің мамандары кезекшілік етті. 
Осы жарыстан жеңіп шыққандар ақшалай сыйлықтар мен Астанадағы спорт клубтарға сертификаттар алды. 
Көп қабатты зәулім үйдің баспалдағымен жоғары қарай жүрігу алғаш рет 1977 жылы ұйымдастырылған болатын. Ол кезде  осы шараға қатысушылар Нью-Йорктегі Empire State Building-тің ең жоғары қабатына жүгіріп шыққан еді. Содан бері осы қозғалыс әлем бойынша танымалдыққа ие болып, спорттың түріне айналды. 

Соңғы жаңалықтар