Астанада заңсыз жалға беріліп келген 600-ден астам пәтер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Елордалық полицейлер заңсыз жалға берілген 600-ден астам пәтерді анықтады. 

Бұл жайында бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция бастығы Азамат Садықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордалық учаскелік полицейлер заңсыз жалға беріліп келген 616 пәтерді анықтады. Яғни, аталған пәтерлердің иелері өз баспаналарын рұқсат құжаттарынсыз жалға беріп келген. Қазіргі уақытта 616 пәтерге қатысы бар барлық құжаттар Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданды. Өйткені, бұл мәселе солардың құзыретіне жатады. Оларды қандай жаза күтіп тұрғанын да Мемлекеттік кірістер комитеті шешетін болады. Біз оларды жауапкершілікке тарта алмаймыз», - деп атап өтті Азамат Садықов.

Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, елордада пәтерін жыныстық қызмет көрсететіндерге жалға беріп келген адамдар анықталған.

«Интимдік қызмет көрсететіндерге пәтерін жалға бергендігі анықталған жадайда біз ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша мұндай 12 пәтер анықталды және олардың иелері жазаланатын болады», - деді жергілікті полиция бастығы.

Соңғы жаңалықтар