Астанада заңсыз «Дюфастон» препараты анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті тіркелмеген препараттар бойынша текеріс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеріс кезінде Астанадағы бір дәріханада Қазақстан бойынша тіркелмеген «Дюфастон» атты препараттың сатылғаны анықталды. Осыдан кейін барлық материалдар сотқа жіберілді. Сот отырысы барысында кәсіпкер өз кінәсін толығымен мойындады. Оған қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жеке кәсіпкер К.-ны Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2 405 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Дәріхана бір айға жабылады. Ал «Дюфастон» препараты толығымен тәркіленеді», - делінген соттың ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар