Астанада Юрий Гагариннің мүсіні орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан  «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі - 2017» атты халықаралық форум аясында тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мүсінінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараны ашқан «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті Ерғазы Нұрғалиев әлемнің тұңғыш ғарышкерінің бұл мүсіні «Мәдениеттер сұхбаттастығы - Біртұтас әлем» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жер бетінің көптеген қалаларында қатарымсыз негізде салынған 41-ші ескерткіш екендігін айтты.
null 

Ұлттық ғарыш орталығы Ғарыш техникаларының арнайы конструкторлық бюросының жаңа ғимаратындағы мүсіннің ресми ашылу рәсіміне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасының ұшқыш ғарышкері, Халық қаһарманы, Ресей батыры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев, РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников, «Мәдениеттер сұхбаттастығы - Біртұтас әлем» халықаралық қайырымдылық қоры өкілдігінің жетекшісі Ирина Ильященко, Қазғарыштың шетелдік серіктестері және халықаралық ғарыш форумының қатысушылары қатысты. Мүсін ашылғаннан кейін қонақтар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
null 

Айта кетейік, «Ғарышқа қазақстандық жол: Жүзеге асуы мен даму келешегі - 2017» атты халықаралық форумының соңында шараның қорытынды қарары, ынтымақтастық туралы ресми құжаты қабылданады деп күтілуде.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар