Астанада Вьетнам мәдени орталығы ашылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал кәсіпкер Оралбек Ботбай Вьетнам Үкіметінің жанындағы достастық ұйымдары бірлестігінің «Әлемдегі бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтудағы қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімінде сөз алған бірлестіктің вице-президенті Bui Khac Son екі елдің арасындағы тарихи және туысқандық байланыс жайлы айта келіп, былтыр ғана екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толғанын атап өтті. Экономикалық байланыстан бөлек, мәдени және әлеуметтік қатынастардың орны ерекше екеніне баса мән берді.

«Оралбек Қожамжарұлының (Ботбай - ред.) Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы достық саясатын жүргізудегі орны зор. Астанаға Елші болып тағайындалғаныма үш жылға жуықтады. Осынша уақыт ішінде қаншама игі істерді атқарып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартумен айналыстық», - деді шараға арнайы келген Төтенше және Өкілетті Елші Доан Тхи Суан Хиен. Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне ВСР СІМ өкілдері мен достастық ұйымының Еуропа және Азия департаментінің директоры Pham Thi Thai қатысты.
null 

Өз кезегінде сөз алған О.Ботбай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатының сәтті жүзеге асып отырғанын айтып, отандық кәсіпкерлердің сыртқы нарықты игеріп, ел экономикасына тың серпіліс әкелу қажет деді.

Айта кететін жайт, шара соңында ол Астанада Вьетнам мәдени орталығын ашып, экономикасы күн санап ілгерілеп бара жатқан «Азия жолбарыстарының» бірі саналатын елдің тілін меңгеру үшін қазақстандық жастарға дәріс оқитын вьетнамдық тіл оқытушысының шығынын көтеруге әзір екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, мұнан өзге де түрлі іскерлік кездесулер ұйымдастырылып, отандық кәсіпкерлер мен вьетнамдық іскер топ бірлесе отырып, бизнес бастамаққа уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар