Астанада үздік қызметкерге дауыс беру жалғасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-31 тамыз аралығында «Еңбек жолы» кәсіпорындар қызметкерлері арасында жалпықалалық байқаудың ең үздік үміткері үшін онлайн-дауыс беру басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Байқауға қатысу үшін 23 өтініш келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 20 мамыр-20 шілде аралығында жүзеге асырылды.
«Байқау Елбасының идеясын іске асыру аясында өткізілуде. Президенттің жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты - еңбек адаманының әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Байқау үш аталымнан тұрады: «Ең үздік еңбек династиясы», «Ең үздік кәсіпорын қызметкері», «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі». Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі бүгін басталды және ол 31 тамызда бітеді»,- деді жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақпал Ақбасова.
Ең үздік қызметкерге мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады.
Дауыс беру 3 аталым бойынша жүзеге асырылады:
1.«Үздік еңбек династиясы» - ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.
2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы» -5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.
3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі» - 20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.
Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді:
Онлайн-дауыс беру - ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.
Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді.
Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар