Астанада үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада үздік әлеуметтік жобалардың V Республикалық көрмесі ашылды. Аталған шараның ашылу рәсіміне Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халықаралық қауымдастықтың Бас xатшысы Ханс-Хорст Конколевскидің өзі қатысты,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, биыл барлық аймақтардан 20 үздік әлеуметтік жоба іріктелді. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту, қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек беру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және тағы басқа маңызды бағыттарға баса назар аударылды.

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, осы іспетті шаралардың арқасында нақты әлеуметтік көмекті анықтауға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде бюджет қаржысы да тиімді жұмсалады. "Биылғы көрмеде тек осы жылдың жеңімпаздары ғана емес, соңғы бес жылда қолға алынған жобалар да бар. Сол себепті біз бес жылдық жұмыстың динамикасын - әрбір жобаның қалай іске асқанын, xалыққа не бергенін және оның нәтижесін көре аламыз", - дейді Тамара Қасымқызы.
null

Ал Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халықаралық қауымдастықтың Бас xатшысы Ханс-Хорст Конколевски Қазақстанның осы саладағы жұмысын жоғары бағалап, үздік әлеуметтік жобалардың авторларымен жеке танысуға ниетті екенін жеткізді. "Сіздер қазақстандық қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келесіздер. Мың да бір алғыс! Үздік әлеуметтік жобаларға арналған осынау ірі көрменің өтуімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын", - деп атап көрсетті Конколевски.

Жалпы, соңғы бес жылдың ішінде үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш түскен. Соның ішінде 114 жоба жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Осы санаттағы бастамаларға мемлекеттік тапсырыстар мен гранттар беріліп, қаржылай қолдау жасалды. Биыл аймақтар арасында іріктелген 20 үздік жобаның ішінен үшеуі республикалық деңгейде жеңімпаз атанады. Оның қорытындысы бүгін кешке қарай жарияланады.
null

null

Соңғы жаңалықтар