Астанада үйдің кіреберісінде ер адамды тонап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 20 жастағы жігітті екі адам тонап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтарда «102-ге» қаланың 20 жастағы тұрғыны хабарласып, түнгі 00:05-тер шамасында Мәскеу көшесіндегі үйдің кіреберісінде белгісіз екі адам пышаққа ұқсас затпен қоқан-лоққы жасап, күш қолдану жолымен жеке заттарын (ұялы телефон, сағат), ақшасын алып кеткенін айтқан.

«Жәбірленуші кездейсоқ адамның телефонынан полицияға хабарласып, оқиғаның мән-жайын айтты. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен жедел шаралар қарастырудың нәтижесінде бұзақылық жасауға күдіктілерді ұсталып, Сарыарқа ауданы ІІБ-не жеткізді», - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК 192-бабы («Қарақшылық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Заттай айғақтар алынды.

«Астанада уақытша тұратын 21 жастағы күдіктілердің бірі Жамбыл облысының, екіншісі Ақмола облысының тұрғындары. Олар Астана ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді. Күдіктілердің қала аумағындағы осы сияқты басқа құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - дейді ведомстводағылар.

Астана ІІД ЖБО инспекторлары тәуліктік режимде жұмыс істеуде. Өткен жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 500-ден астам қылмыстық құқықбұзушылық және 75 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық ісі ашылған.

Соңғы жаңалықтар