Астанада үй қызметшісі Жапония азаматын тонап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы клинингтік компаниялардың бірінің үй қызметшісі пәтерді жинауға тапсырыс алып, барған үйдің тұрғыны Жапония азаматының жеке заттарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Астана қаласының сотының баспасөз қызметі.

Сот процесінде тараптар медиативтік келісімге келген.

Астана қаласының Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың ымыраға келіп, медиативтік келісім жасасуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Соттың қаулысы заңды күшіне енген.

Соңғы жаңалықтар