Астанада үстел теннисінен әлемнің мықтылары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен «World tour Grand Finals» атты әлемдік турдың шешуші бәсекесіне ең таңдаулы спортшылар келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА .

Олар 4 күн бойы елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өзара мықтыны анықтады

Тартысты бәсекеде жұптық сында Қытай қыздарының жолы болды. Олар финалда жапон теннисшілерінен басым түсті. Қорытынды есеп: 4:0.

Есесіне ерлер арасындағы додада жапон спортшылары алдына жан салмады. Олар шешуі сында гонгконгтық жұппен кездесіп, 4:3 есебімен басым түсті. Ал жекелей сында Қытай мен Германия теннисшілері топ жарды. Айтулы додаға еліміздің атынан Кирилл Герасименко қатысқан болатын.

Өкінішке қарай кіл мықтылар арасына іліккен жерлесіміз жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар