Астанада үш бала иіс тиіп мерт болды

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Бүгін, 22 қазан күні елорданың Сарыарқа ауданында бесқабатты тұрғын үйде заттардың жануына байланысты 3 балаға иіс тиіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 22 қазан күні 11 сағат 53 минуттар шамасында Астана қаласының Сарыарқа ауданында бесқабатты тұрғын үйде шамамен 2 шаршы метр аймақта заттардың жануына байланысты 2007, 2008 және 2009 жылдары туған үш бала иіс тиіп мерт болды»,-деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

null 

"Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің өкілдері келді. Алайда, өрт шыққан аймақ аса көлемді болмауы себепті ол өрт сөндірушілер келгенше сөндіріліп үлгерді. Бұл балаларға қарамаудың салдарынан орын алып отырған кезекті қайғылы жағдай",-дейді төтенше жағдайлар саласының өкілдері. 

null

Соңғы жаңалықтар