Астанада үш автокөлік соқтығысып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы көктайғақ жаппай жол-көлік апатына әкеп соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәрсенбі күні таңертең Тәуелсіздік даңылы бойында жол-көлік апаты орын алды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көктайғақтан және қашықтықты сақтамаудан Mitsubishi Pajero, микроавтобус және Hyundai Accent көліктері соқтығысты.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жол-көлік апатының себепкерін анықтау үшін полиция жұмыс істеп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар