Астанада үнемі «сырқаттанып жүретін» қызметкер жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Альянс-Транспорт» ЖШС-ның бұрынғы қызметкері сырқаттанумен байланысты еңбекке жарамсыздық туралы жалған парақшаларды ұсынғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азамат К. 2016 жылдың ақпан айында «Альянс-Транспорт» ЖШС-ның қызметкері бола тұра, №7 қалалық емханадан бірнеше рет жалған сырқат парақшаларын алып, оны жұмыс орнына ұсын отырған.

Сот отырысы барысында айыпталушы кінәсін мойындады.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен азамат К. кінәлі деп табылып, оған 50 АЕК көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар