Астанада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

None
None
АҚТАУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанадағы «Қазанат» ипподромында Маңғыстау облысының мәдениет күндеріне арналған ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары маңғаз Маңғыстаудың мәдени және спорттық шараларын көрсететін кең көлемді бағдарламасына куә болды.  

Бағдарлама аясында көкпардан Қазақстан Республикасының жеңімпазы,  Жамбыл облысының «Әулие Ата»  жастар құрамасы мен 2017 жылдың ел біріншілігінің күміс жүлдегері Маңғыстау облысының «Адай Ата» жастар құрамасы қарымта кездесуі өтті. Мұны ат спортының мамандары мен жанкүйерлер асыға күткен еді.

Сонымен қатар фестиваль аясында жігіттік өнер, қыз қуу, теңге алу, саятшылық, құмай тазы, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен шеберлік көрсетілімдер және концерттік бағдарламалар жұртшылыққа паш етілді. 

Соңғы жаңалықтар