Астанада уақытша ауыз су беру тоқтатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 шілдеде сағат 10.00.-ден 22.00.-ге дейін елорданың кейбір аудандарында ауыз су беру тоқтатылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

Атап айтқанда, «Астана су арнасы» компаниясы Тәуелсіздік 44 мекен-жайы бойынша орналасқан Д=400 мм, Д=100 мм су құбырларын қайта қалпына келтіруге қатысты жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Ақыртас 25, 27, 29, 33 және Арғанаты 31 көшелері бойынша жеке меншік секторындағы нысандардың тұтынушылары үшін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Оған қоса, Тәуелсіздік 40/9 даңғылы,  Арғанаты 24 көшесі,  Ақыртас 25/1, 31, 33/1 көшесі бойындағы нысандарда су беру тоқтатылады деп күтілуде.

 

Соңғы жаңалықтар