Астанада түстен кейін сабақ болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада аязға байланысты түстен кейін мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«22 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды», делінген Білім басқармасының сайтында.
Айта кетейік, дүйсенбі күні сондай-ақ сарышұнақ аяздарға байланысты Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды. 

Еске сала кетсек, Қазақстан аумағында ауа райының күрт суытынуына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжауынша, Актикалық антициклондардың өтуіне байланысты 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында температура -30 градустан төмендейді. 

Соңғы жаңалықтар