Астанада туристерге арналған жол сілтегіштер орнатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі Astana Convention Bureau-мен бірлесіп арнайы туристік жол сілтегіштер орнатуда.

Бұл туралы Facebook-та ҚР Инвестиция және даму министрлігі туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды.

Қалада барлығы 100 пилон мен 140 жол сілтегіш орнатылатын болады.

Еске салайық, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетін «ЭКСПО» дүниежүзілік көрмесі аясында Астанаға туристердің үлкен легі ағылатыны күтілуде. Көрмені 2 млн. адам көретіні болжануда. «ЭКСПО-2017-нің» тақырыбы - «Болашақ энергиясы».

Қазақстан аталмыш көрме ұйымдастырылған жылдар ішінде ең көп елді жұмылдыра алған мемлекеттердің үштігіне енуі мүмкін. «Астана ЭКСПО-2017»  ұлттық компаниясы халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Илья Оразақовтың айтуынша, бүгінгі күні қатысу туралы ресми қуаттау 104 елден алынды. Дегенмен, өтінімдер әлі де түсуде және қатысушы-елдер саны 110-ға жетуі ықтимал. 


 

Соңғы жаңалықтар