Астанада тұңғыш рет қысқы марафон өтеді

None
None
Астанада тұңғыш рет қысқы марафон өтедіАСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 24 желтоқсан күні ел тарихындағы тұңғыш рет «AstanaWinter Marafon: мүмкіндік шегінен тыс» атты қысқы марафон өтеді, деп хабарлайды«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жарыстың ұйымдастырылуына «Маrat#ON» марафон клубының құрметті мүшесі, атақты қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев, Астана қаласының әкімдігінің бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі дирекциясының жетекшісі Азамат Имашев, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мұрындық болып отыр.

«Өзім де бірнеше қысқы марафонға қатысқанмын. Атап айтқанда, Канадада, ТМД елдері ішіне РФ Санкт-Петербургте дәстүрлі түрде «Өмір жолы» қысқы марафоны өтіп тұрады. Қазақстанда неліктен өтпеді десеңіз, себебі, Елордамыз әлем елдері ішінде Ұланбатырдан кейінгі ең суық астана болып табылады. Бірақ, мен де, шәкірттерім де мұнда тұрған қиын ештеңе жоқ деп білеміз. Біз 300 ғана желаяқты қатыстыруды ойлап отырмыз. Себебі, тек дайындалғандар келеді. Марафонда сонымен бірге, биліктегі белгілі адамдар болады», - дейді Марат Жыланбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында..

Жарысты үш қашықтықта өткізу жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, қатысушылар классикалық марафонда 42 шақырым, жартылай марафон 21 және 10 шақырымда жүгіреді. Марафонға қатысуға ниет білдіргендер marathonclub.kz сайтында 12-20 желтоқсан аралығында тіркелуі керек. Жеңімпаздарға кубоктер мен бағалы жүлделер табысталады.

Соңғы жаңалықтар