Астанада триатлоннан халықаралық жарыс өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 шілдеде Астана қаласында ASTC Sprint Triathlon Asian Cup and Central Asian Championships - триатлоннан Азия Кубогы өтеді.

Қала әкімдігі медиа орталығының хабарлауынша, спринт арақашықтығындағы біріншілік үшін тек Халықаралық триатлон одағының (ITU) рейтингісіне кіретін бүкіл әлем бойынша кәсіпқойлар (PRO) ғана сынға түсе алады. 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Astana Asian Cup 2017  шарасы Астана саябағының жаңа триатлон алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 45 гектарға созылған алаң тартысты өтетін жарыстың ортылығы болмақ. Бұл алаңда жүгіру үшін арнайы жолақ, жанкүйерлер мен тематикалық палаткалар үшін ойын-сауық аумағы бар.  

Азия кубогы аясында 30 шілдеде триатлон бойынша ҚР Чемпионаты өтеді. Аталмыш жарыстың басты ерекшелігі - жартылай темір арақашықтыққа (half-ironman) әуесқойлар, сонымен бірге кәсіпқой спортшылар да қатысады. Яғни, спорт әуесқойларына кәсіпқой атлеттермен қатар 1.9 км жүзіп, 90 км велосипедпен жүріп, осы жарысты 21 шақырымға жартылай марафонмен аяқтау мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ жеке стартпен бірге, жартылай темір адам қашықтығына командалық эстафета да өткізіледі.

Айта кетейік, мықты спортшыларды анықтау, триатлонмен айналысатын қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыру, Қазақстанда триатлонды насихаттау -Азия Кубогын өткізудің басты мақсаты. 

null

Соңғы жаңалықтар