Астанада триатлон турнирі кезінде кейбір көшелер жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша , 29-30 шілдеде триатлоннан турнир өткізу кезінде кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Келесі көшелерде жол жабылады: Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін Б. Момышұлы даңғылы, Б. Момышұлы көшесінен М-1 көпіріне дейін Сарайшық көшесі, М-1 көпірінен Г.Алиев көшесіне дейін Шалқыма көшесі жабылады.

Қоғамдық көлік жол-жөнекей жүреді.

Керей Жәнібек көшесі - Оңтүстік айналма жол қиылысы ішінара жабылады.

Керей Жәнібек хандары көшесінен Оңтүстік айналма жол қиылысына дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.  

Оңтүстік айналма тас жолы бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Қарағанды тас жолына дейін жолдың бір жолағы жабылады, дегенмен екінші жолақ бойынша екі бағыт бойынша да жол қозғалысы ұйымдастырылады.

null

Соңғы жаңалықтар