Астанада төтенше жағдайлар саласының мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтардың 22-і күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Дұзақбаев жеке құрамға астаналық Өрт сөндіру қызметінің жаңа бастығын таныстырды. Департамент бастығының бұйырығына сәйкес Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі бастығының лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Т.М. Жұмабаев тағайындалды. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Жумабаев Талғат Максұтұлы 1970 жылғы 23 маусымда Торғай облысының Амангелді ауданына қарасты Сары-Торғай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы техникалық колледжін бітірген. Азаматтық қорғау полковнигі Жұмабаев Талғат Мақсұтұлы азаматтық қорғау органдарында 1991 жылғы ақпаннан бастап қызмет етуде.

«Қызмет атқару жылдары өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Жақсы ұйымдастырушылық қасиеттерге ие. Қызметтік мәселелерді шешу барысында табандылық білдіреді, қызметкерлерге алға қойылған міндеттерді орындауға бағыт бере алатын басшы»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ департамент бастығының бұйырығына сәйкес Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары лауазымына азаматтық қорғау подполковнигі Ермек Әбікеев тағайындалды.

Әбікеев Ермек Рамазанұлы азаматтық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар