Астанада төртем дүниеге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 34 жастағы әйел төртемді (екі ер бала, екі қыз) дүниеге әкелді, деп хабарлады Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

«2016 жылғы 2 желтоқсанда сағат 17.33-те қуанышты оқиға болды. Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Анасы мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.
Ведомствода нақтылағандай, нәрестелер кесарева тілігі арқылы өмірге келді. Ер балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы - 1140 және 1070 грамм.

 

Соңғы жаңалықтар