Астанада терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығулары өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда аймағында 13 ақпан күні террористік актілер мен оның салдарларын жоюға бағытталған жоспарлы терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады астаналық ішкі саясат басқармасынан.

«Астаналық терроризмге қарсы күрес штабы Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына аталған іс-шараның әскери қимылдарға барынша жақындатылған жоспарлы жаттығу екенін ескертеді. Қарулы күштер мен жедел штабтың әскери дайындығының деңгейін сынақтан өткізу мағызды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар