Астанада теннистен «Президент Кубогы - 2017» халықаралық турнирі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында «Президент Кубогы - 2017» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

АТР Challenger және ITF Women's сериясының ХІХ «Президент Кубогы - 2017» халықаралық турнирі 18-23 шілде аралығында Астана қаласының Ұлттық теннис орталығында ұйымдастырылады. Халықаралық дәрежедегі ауқымды жарыс ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өткізілуде.
null

Жалпы жүлде қоры - 225 000 АҚШ доллары.

Турнирге әлемнің 21 елінен 200 теннисші өзара бас сынаспақ. Олардың арасында әлемдік рейтингтің үздік жүздігінің теннисшілері де бар. Қазақстан теннисшілерінен аталған сайысқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина мен Камила Керімбаева қатарлы үздік спортшылар қатысады.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясы атқарушы директоры Юрий Польский, Ұлттық теннис орталығының директоры Қуандық Елжанов қатысты. Сонымен бірге, жарысқа АТР және ITF бас төрешілері Андрей Корнилов пен Массимо Морелли арнайы келіп отыр.
null

«Елімізде ЭКСПО-2017 көрмесі басталғалы бері 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт сайысы өтіп жатыр. Соның ішінде ауқымды жарыстардың бірі - осы теннистен өтіп жатқан халықаралық «Президент кубогы - 2017». Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде спорт жоғары деңгейде дамып келеді. Қонақтарға қош келдіңіздер демекпін. Осы жарыста барлық спортшыларға үлкен жетістікке жетуіне тілектеспін. Теннис елімізде танымал спорт түрлерінің бірі бола бастады», - деді турнирдің ашылу салтанатында Елсияр Қанағатов.
null

Теннистің алғашқы ойыны сағат 11:00-де басталды. Ұлттық теннис орталығында сайысты тамашалау үшін тегін кіруге болады.
null

Соңғы жаңалықтар