Астанада Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тұңғыш Президент кітапханасында Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу ұйымдастырылып, дербес елдің жас буыны «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданды. Кездесуді «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын орындау шеңберінде, жас буын өзара ой алмасуға болатындай форматта ұйымдастырылған. Іс-шара барысында Тәуелсіздік құрдастарының елорданың мерейлі 20 жылдығына орай, «20 мейірімді іс» атты бірлескен науқанның басталғаны туралы үндеу оқылды.
null 

«Сіздер еліміздің мемлекет болуға мүмкіндігі туған шақта өмір есігін аштыңыздар. Сіздер еліміздің дербес ел ретінде аяғынан нық тұрған кезеңде дүниеге келдіңіздер. Жас мемлекетпен бірге жетілдіңіздер. Әр өңірді аралап жүріп, біздің мемлекетті әрдайым сіздердей жастармен салыстырамын. 26 жастағы адам білім алып, еңбектеніп, болашаққа мақсат қоятын жасқа келеді. 26 жастағы адамның мақсаты айқын болады. Мемлекет сіздерге үлкен үміт артып отыр. Сіздердің үздік стартаптарыңыз мен идеяларыңыз Қазақстанды жетекші елдерге айналдырады», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева.
null 

Жиынға келген Тәуелсіздіктің құрдастары «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданып, партия билетіне ие болды.

null
null null  

«Біз өзімізге қажетті дүниені таңдай аламыз. Біздің ұлттық кодымызда Тәуелсіздік үшін күрес бар. Бабаларымыздан осынау ізгі қасиеті мұра болмағанда біз кең даламызды сақтап қала алмас едік. Мен бабадан Тәуелсіздік мұрасын қабылдап, ұрпаққа оны қалдыра аламын. Біздің әрқайсымыз еліміздің жарқын болашағына зор үлесімізді қосқымыз келеді», - дейді халықаралық сарапшы, Тәуелсіздіктің құрдасы, Президент Әкімшілігінде жұмыс атқаратын Әлкей Марғұлан.
null 

Соңғы жаңалықтар