Астанада Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың үш ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құрметіне отшашу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралардың шырқау шегі болған фейерверк Есіл өзенінің жағалауында, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының маңында және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан саябақта атылды.



Мерекеге арналған ең ірі іс-шаралардың бірі қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттер болды. Астананың ашық алаңдарына орнатылған сахналарда Әлішер Кәрімов, Али Оқапов, ағайынды Жүгінісовтер, Маржан Арапбаева, Асқар Жүнісбеков, «АртДомбыра» триосы.

Мерекеге орай өзге де мәдени шараларды өткізу көзделген. Олардың арасында бір апта бойына өтетін көрмелер, байқаулар, театрлардың премьералық қойылымдары мен түрлі концерттер бар.


Соңғы жаңалықтар