07:28, 19 Тамыз 2017 | GMT +6
Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
18 тамызда Тәуелсіздік даңғылы бойынша Тәшенов көшесінен Қажымұқан көшесіне дейінгі учаскеде асфальтбетонды жабдықты қайта төсеу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 18 тамыз сағат 21.00-ден 20 тамыз сағат 06.00-ге дейін жол көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.