Астанада тасқын суды өткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеуде және тасқын суды өткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.



Сонымен қатар, жаңартылған «Кэмэл» техникасының көмегімен нөсер кәрізі желілерін тазарту жұмыстары қолға алынды,  деп хабарлайды astana.kz. 

Мамандардың пікірінше, тазарту құрылыстары 100% дайын.

 

Аудандарда арнайы техникамен аумақты еріген қар суынан сорғыту жүргізілуде. Жалпы, қала бойынша тиісті жұмыстарға 158 арнайы техника тартылды.

 

Үстіміздегі жылдың 13 қазанынан осы күнге дейін коммуналдық қызметтермен 5 409 066,76 м3 қар шығарылды, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден әлдеқайда артық. Сол себепті қаланың санитарлық тазарту бойынша коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеді.

 

Үш аудан бойынша тұрғындардан өтініштер қабылдау үшін диспетчерлік қызмет құрылды. «Алматы» ауданы бойынша 48-43-37, «Есіл» ауданы бойынша 48-43-26, «Сарыарқа» ауданында 48-43-92 телефондарына, сондай-ақ, ТЖ кезінде орталық диспетчерліктің 54-58-19,38-57-09 телефондарына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар